Ш. Уалиханов атындағы семинар және вебинар өткізу турал

27.02.2019 жылы Ш.Уалиханов атндағы Кокшетау мемлекеттік университетінде «Оқу үрдісін жаңарту және оқу процесін модернизациялау, оқу үрдісінің сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті.

  • Қалдықтарды басқарудың өңірлік және жергілікті жүйесін тиімді құру үшін осы салада оқытылған білікті персоналсыз мүмкін емес. 2018 жылдан бастап Халықаралық жоба басталды: «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында тұрақты қалдықтарды басқару құзыреттілігін арттыру/EduEnvi» Жобаның үйлестірушісі Тампер, Финляндия қолданбалы ғылымдар Университеті (Tampere University of Applied Sciences – TAMK) болып табылады. Жоба Еуропалық Комиссия қаржыландыратын Эразмус+ (Темпус) бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Семинар аясында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті Курманбаева Айгуль Сапарбековнаның және менеджер ТОО «LS Kokshetau» Безносикова Сергейдің баяндамалары тыңдалынды. Қалдықтарды басқару саласындағы аймақтың негізгі экологиялық мәселелері қаралды. Талқылау нәтижесінде келесі қарар қабылданды.

 

ҚАРАР

 

  1. Жоғары білім беру жүйесінде қалдықтарды өңдеу саласында жаңа электрондық білім беру бағдарламаларын әзірлеу, енгізу мамандардың біліктілігін арттыруға және қалдықтарды басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді.
  2. Дайындалған Модульдер тәжірибелік-бағытталған және қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы болашақ мамандардың біліктілігін арттырады.
  3. Оқу бағдарламасына қалдықтарды басқару саласындағы іс жүргізу бойынша практикалық сабақтарды енгізу қажет. Жобалық құжаттаманы, хаттамаларды, актілерді және басқа құжаттарды әзірлеу.
  4. Қалдықтармен байланысты аймақтың өзекті мәселелерін шешу үшін өндірістермен, экологтармен және университеттердің оқытушыларымен қалдықтарды пайдалану саласы қызметкерлерінің одағы қажет.
  5. Студенттерді халықпен жұмыс істеуге үйрету. Тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын және экологиялық білім беру, тәрбиелеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Өңірдің барлық тұрғындарын қоқыстарды жинауға және қайта өңдеуге жаратуға тарту сонымен қатар үгіт парақшаларын, жарнамалық роликтерді, баннерлерді және т.б. дайындау.Бұл үшін әлеуметтік желілерді пайдалану қажет.
  6. Жергілікті атқарушы органдарға шикізатты қайта өңдеушілерді қолдап және өндірістік проблемаларды тез шешуге көмек көрсету қажеттілігі туралы өтініш жазу:

– қабылдау пункттеріне жер учаскелерін бөлу;

– қаланың қоқыс алаңдарында қайталама шикізатты бөлек жинау үшін қоқыс контейнерлерін орнатуға рұқсат беру;

– қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу немесе қолда бар технологияларды жаңғырту үшін қалдықтарды қайта өңдеушілерге төмен пайыздық кредиттер, гранттар, өтемақылар мен субсидиялар беру.

Қалдықтарды тиімді басқару мемлекеттік экологиялық саясаттың  өзекті міндеті болып табылады. Қазіргі уақытта біздің елімізде қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу саласы мемлекет тарапынан да, халық тарапынан да қолдау көрсетілуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *