«Модульдік білім беру бағдарламасының мазмұнын жоспарлау және оқытушыларды электрондық оқытуға қарқынды даярлау» 2-ші семинары туралы, М. Әуезов атындағы ОҚМУ

2019 жылдың 28 қаңтар және 1 ақпан аралығында  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Тампере қолданбалы ғылымдар университетінен (Финляндия), Лиллебаелт  Академиясынан (Дания), Вальядолид Университетінен (Испания), Санкт-Петербург Ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университетінен Тюмень мемлекеттік университетінен  (Ресей), аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ш. Уалиханов атындағы Кокшетау мемлекеттік университетінің жетекші ғалымдар қатысуымен  Erasmus +  халықаралық бағдарламасының аясында 585761-EPP-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE-JP «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру / EduEnvi» жобасы аясында «Модульді білім беру бағдарламасының мазмұнын жоспарлау және электронды оқытуға оқытушыларды қарқынды даярлау» тақырыбында халықаралық семинар өткізілді.

Семинарға жобалық консорциумға кірмейтін Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ мектептер, кәсіпорындар өкілдері, студенттер, магистранттар мен докторанттар шеберлік сабақтарына белсенді қатысқан. Семинардың мақсаты –4.1.1- ЖП- де қарастырылған оқушыларды қарқынды оқытуы және оқу бағдарламаны жоспарлау және дайындау болып табылады, және 1, 2, 3, 8 модульдер қарастырылып, дамыған курстарда студенттерге бағдарланған әдісті қалай қолдану керек ұсынымдар жасалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *