«ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ: ҚАТЕРЛЕР, ТРЕНДТЕР МЕН СТРАТЕГИЯЛАР» Жаңашыл-педагогтардың 2-ші халықаралық форум аясында 585761-EPP-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE-JP «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру / EduEnvi» жобаның вебинары

2019 жылғы 26 сәуірде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да Жаңашыл-педагогтардың 2-ші халықаралық форумы өз жұмысын аяқтады.

Форумда ҚР білім мекемелерінің барлық буындары қамтылды: мектеп-колледж-ЖОО.  Өйткені Форум өзін білімді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және білім кеңістігінде үздік педагогикалық тәжірибені өзара трансляциялау үшін тұрақты жұмыс істейтін пікірсайыс алаңы ретінде көрсете білді.

Форумның еңбектері жарық қөрді. Мақалалары жарияланған авторлардың арасында Чехия, Түркия, Швеция, Польша, Малайзия, Латвия, Белоруссия, Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан педагогтары, мектеп пен колледж мұғалімдері бар.

Форум шеңберінде Эразмус+ бағдарламасы бойынша Финляндия (Тампере Қолданбалы ғылымдар университеті, Тампере қ.), Дания (Қолданбалы ғылымдар университеті, Оденсе қ.), Испанияның (Вальядолид университеті Вальядолид қ.), Ресейдің (Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті, Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Урал федералдық университеті), Қазақстанның (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті), сондай-ақ Бельгияның (Modern Education and Research Institute, Брюссель қ.), Қытай Халық Республикасының (Конфуций институты, Шыңжаң қ.) оқытушыларының қатысуымен вебинар өткізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *