М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ғы Эразмус күні

2019 жылдың 14 қазанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында, EduEnvi жобасының белсенді қатысымен, «Эразмус + бағдарламасының жақсы тәжірибесі мен мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. М. Әуезов атындағы ОҚМУ әртүрлі Эрасмус + бағдарламаларына белсенді қатысады: студенттер мен оқытушылар құрамының халықаралық кредиттік ұтқырлығы, халықаралық жобаларды жүзеге асыру. EduEnvi жобасының өкілдері Муталиева Ботагоз және Мәдібекова Ғалия студенттермен EduEnvi жобасының мақсаттарын, міндеттері мен курстарын талқылау үшін EduEnvi жобасын жүзеге асырудағы тәжірибелерімен бөлісті.