Пилоттық кезең нәтижелері бойынша вебинар , 31 наурыз, 2020 жыл

EduEnvi жобасы 2019 жылдың күзінде қалдықтарды тұрақты басқарудың 20 онлайн курсын пилоттық түрде өткізді.

EduEnvi жобасының нәтижелері туралы вебинар 2020 жылдың 31 наурызында ұйымдастырылды. Вебинарға 86 адам тіркеліп, 50 адам қатысты. Вебинарға Қазақстан, Ресей, Испания, Дания, Финляндия және Греция өкілдері қатысты.

Курстарды пилоттық пайдалану нәтижелері вебинарда көрсетіліп, қатысушылар тәжірибеден нақты мысалдармен бөлісті.

Мұнда Жанар Шортанбаеваның пилоттық тәжірибесі мен жалпы нәтижелері туралы презентациясы ұсынылған, Әл-фараби атындағы ҚазҰУ (Here presentation about the Piloting and overall results by Zhanar Shortanbaeva, Al-Farabi Kazakh National University.)

Вебинар бағдарламасы (Webinar programme)

 

Вебинардың жазбасын мына жерден көріңіз (See the webinar recording here.)

Пилоттық кезең және вебинар туралы қосымша ақпарат: Жанар Шортанбаева, Термофизика және техникалық физика кафедрасы менгерушісінің орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, электронды пошта: Zhanar.Shortanbaeva@kaznu.kz