2020 жылдың 14 мамырында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де EEIHSR жобасы – Экономика, Экология және жоғары жылдамдықты теміржол инфрақұрылымы EduEnvi- Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру бірлесіп ұйымдастырған «Эразмус + құрылымдық жобаларын іске асырудағы Еуропалық университеттердің тәжірибесі: жаһандық мәселелер және қазіргі тенденциялар» тақырыбында вебинар өтті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің стратегиялық даму және интернационализация жөніндегі проректоры Айгүл Искакова жүргізуімен вебинардың мақсаты – Эразмус + жобалары шеңберіндегі еуропалық серіктес университеттердің озық тәжірибелерін тарату.
Презентацияларды Элла Каллио, “Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру / EduEnvi” жобасының координаторы, Тампере қолданбалы ғылымдар университеті (Финляндия), Сергей Полбицын, Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералды университеті бойынша EduEnvi жоба менеджері (Ресей), және Квек Елена Ивановна, EEIHSR- Экономика, экология және жоғары жылдамдықты теміржол инфрақұрылымы жобаның координаторы, Дрезден техникалық университеті (Германия).
Сондай-ақ, вебинарға Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің директоры Шәйзада Өмірзаққызы Тасболатова қатысты. Баяндамашылардың баяндамаларынан кейін интерактивті пікірталас өтті.