Көкшетау университетінің жұмыс тобының ұйымдастыруымен Эразмус+ халықаралық жобасы аясында «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауда қалдықтарды тұрақты басқару саласындағы құзыреттілігін арттыру»
Вебинарға қатысқандар: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жаратылыстану факультетінің деканы, ҚР ҚМЭҚК Ақмола облысы бойынша экология департаментінің өкілдері, «Эко-Көкше» экологиялық орталығы қоғамдық бірлестігінің өкілдері, қоғам өкілдері қатысты. «Khazakstan Innovations» қоры, Экоамбадор Ақмола облысы; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Ш.Уәлиханов атындағы КУ оқытушылары, студенттері мен магистранттары. Барлығы 135 адам.
Вебинар барысында келесі спикерлер сөз сөйледі:
1 Хамитова Аина Султансеитовна – х.ғ.к., проф., жаратылыстану факультетінің деканы;
2 Какабаев Ануарбек Аязбаевич – б.ғ.к., ассоц. проф., EduEnvi жергілікті жоба координаторы;
3 Хамитов Нурбек Максутович – ҚР ҚМЭҚК Ақмола облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасы басшысының м.а., тақырып: «Табиғи полигондардың санын азайту шаралары»;
4 Абишева Мариям Сериковна – Көкшетау қаласы мәслихатының депутаты, «Kazakhstan Innovations» ҚҚ басшысы;
5 Камалов Тимур Рамазанович – «Эко-жобалар» үйірмесінің жетекшісі, тақырыбы: «For ECO» жобасы қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесінің шешімі ретінде»;
6 Айшуқ Еділ Жұмабекұлы – Ақмола облысынан МЭГПР эко-елшісі, тақырып: «Ақмола облысының қалдықтарды жинау және өңдеумен айналысатын кәсіпорындары»;
7 Курманбаева Айгуль Сапарбековна – б.ғ.к., География, экология және туризм кафедрасының доценті, тақырыбы «Эразмус+ бағдарлама бойынша «Ресей мен Қазақстан университеттерінде мамандарды даярлауда қалдықтарды тұрақты басқару саласындағы құзыреттілігін арттыру – EduEnvi» жобасының нәтижелері».
Баяндамашыларға сұрақтар мен тілектер айтылды. Вебинар соңында қатысушылардан кері байланыс алу үшін сауалнамалар дайындалды. Сауалнама нәтижесінде вебинар тақырыбы бойынша бар көзқарастар анықталып, іс-шараның сапасы бағаланды.
Талқылау қорытындысы бойынша мынадай шешім қабылданды:
– қалдықтарды басқару саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру;
– халық арасында экологиялық ағарту жұмыстарын жандандыру.
Вебинар модераторы: оқу жобасының координаторы Курманбаева А.С.
Өткізілген күні: 25.02.2021 ж.; Уақыты: 15.00 Платформа: ZOOM