EduEnvi жобасының Эразмус күні: Қазіргі білім берудегі онлайн оқытудың рөлі мен болашағы / Тұрақты дамуға және қалдықтарды сауатты басқаруға жолында

Эразмус күні

Уақыты: Cенбі 16.10.2021, 15.00-16.00 (UTC +6 сағат)

Zoom сілтеме: 

https://us06web.zoom.us/j/4693851938?pwd=Qi8yQzFuNDRJVmQwRDN0ZXVFS3hSUT09

Вебинардың мақсаты: EduEnvi  жобасын жүзеге асыру барысында алынған тәжірибе мен білімді беру

 Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру / EduEnvi

2021 жылы 16 қазанда Эразмус күні Erasmus Week 2021 жаһандық іс-шарасы аясында Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық  кеңсесінің директоры Ш.У.Тасболатованың жетекшілігімен  “Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру/EduEnvi” жобасының М.Әуезов атындағы Онтүстік Қазақстан университетінің орындаушыларымен,  жобаның ассоциацияланған серіктес университеті Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің белсенді қатысуымен, және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Ш.Уәлиханов атындағы КУ серіктес университеттерімен бірігіп өткізілді.

Эразмус+ «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» (ЖБӘА) бағдарламасының компоненті шеңберінде координаторлар мен жоба орындаушылары вебинар қатысушыларына бағдарламаны орындау барысында жасалған жұмыс нәтижелері және  оларды  әрі қарай қалай қолдану керектігі туралы  айтып өтті.

Келесі баяндамалар ұсынылды:

  1. EduEnvi жобасын жүзеге асыру. Жобаның жетістіктері мен әсері. Муталиева Б.Ж., Мадыбекова Г.М.
  2. EduEnvi жобасы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде, жобаның серіктесі. Махашов Е.Ж., Коммерциялау басқармасының бастығы қ.а.
  3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі EduEnvi жобасының нәтижелері. Шортанбаева Ж.К.
  4. Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетіндегі EduEnvi жобасының нәтижелері. Какабаев А.А., Курманбаева А.С.
  5. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі EduEnvi жобасының нәтижелері. Сапарбекова А.А., Калымбетов Г.Е., Джакашева М.А.

М.Әуезов атындағы ОҚУ координаторы Муталиева Б.Ж. вебинар тыңдаушыларына Эразмус+ бағдарламасының ««Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» (ЖБӘА) бағыты комоненті аясында, Қазақстанда  және  Ресейде физика ғылымдары мен қоршаған орта саласында   жобаны жүзеге асыруда жоғары білімді   жаңғыртуға, қолжетімділік және интернационалдандыруға бағытталған негізгі сәттер, сонымен қатар, жеке, университеттік және институционалдық деңгейде жобаның негізгі жетістіктері мен әсерін, жұмыс әлемімен  және жұмыс берушілермен қарым-қатынасқа әсерін, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту барысын ұсынды.

Вебинар тыңдаушыларына Эразмус+ «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» (ЖБӘА) бағдарламасының компоненті шеңберінде Қазақстан мен Ресейдегі физика ғылымдары және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоғары білімді жаңғыртуға, қолжетімділікке және интернационалдандыруға бағытталған жобаны іске асырудағы маңызды сәттерімен,  жеке, университеттік және институционалдық деңгейде жобаның негізгі жетістіктері мен әсерін, жұмыс әлемімен және жұмыс берушілермен қарым-қатынасқа әсерін, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту барысы айтылып,  таныстырылды.

Қауымдастырылған ЖОО-жобаның серіктесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің атынан Коммерциялау басқармасының қ.а. бастығы Махашов Е.Ж.  доцент Г.М. Мадыбекованың   EduEnvi жобасымен бірлесе студенттер арасында жүргізілген іс-шаралар туралы, жоба барысында  қоршаған ортаға байланысты мәселелерді шешу бағытындағы жұмысты жандандырғаны, университет студенттері мен оқытушыларына оң әсер еткені, университет аумағында және төрт студенттік үйде “экологиялық бұрыштар” ұйымдастырылғаны туралы айтып берді.

Одан әрі Жанар Шортанбаева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ден, Ануарбек Какабаев Ш. Уәлиханов атындағы Кокшетау университетінен және Альмира Сапарбекова М. Әуезов атындағы ЮКУ-ден жобаны іске асыру барысында әзірленген онлайн оқыту модульдеріне арналған бірқатар баяндамаларды оқыды. Курстар жаппай ашық онлайн курстардың ұлттық платформасында ұсынылды. Модульдердің әрқайсысы тұрақты дамудың бір немесе басқа аспектісін қамтиды, 8 модульдің 4-уін қазақстандық әріптес жоғары оқу орындары әзірлеген. Үш модуль қалдықтарды басқару технологияларына, үшеуі ― экологиялық менеджментке, мемлекеттік және институционалдық басқаруға арналған. Тағы екі модуль экологиялық мониторинг, қалдықтарды кәдеге жаратудың қолданыстағы және перспективті технологияларының өмірлік циклін бағалау мәселелерін қозғайды.

Әзірленген курстарды жоғары оқу орындары қолданыстағы білім беру бағдарламаларына енгізілді, бұл оқу процесін, оқытудың қолжетімділігі мен ұтқырлығын жақсы ұйымдастыру мүмкіндігін арттырды, сондай-ақ курстарды әзірлеу кезінде оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктері де іске асырылды.

Вебинарға Биотехнология, Металлургия, Педагогика және психология, Математика, Информатика, Филология, Баяу балқитын металл емес және силикатты материалдардың химиялық технологиясы, Автоматтандыру, басқару және сандық деректерді өңдеу жүйелері, Функционалды тамақ өнімдерін өндірудегі инновациялық технологиялар, Жеңіл өнеркәсіптегі инновациялық технологиялар, Тоқыма материалдарын технологиялық өндіру, Физика, Экология және басқа да мамандықтардың оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары, сондай-ақ, серіктес ЖОО-дың, қауымдастырылған ЖОО– ОҚМПУ оқытушылары мен студенттері, магистранттары, докторанттары, басқа да жобалардың өкілдері: KAZDUAL (М.Әуезов атындағы ОҚУ), RELEAP (Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты) қатысты.

Ботагоз Муталиева

М.Әуезов  атындағы ОҚУ жоба координаторы