Испанияның Вальядолид Университетінде 2019 жылдың 14-18 мамыры аралығында барлық әріптес ЖОО-лар қатысқан 4.1.2 ЖП-не сәйкес оқытушыларды қарқынды даярлау және оқу бағдарламасын жоспарлау 3-ші семинар өтті. Семинар барысында 4, 5, 6, 7 модульдер қарастырылды, бағалау оқыту ұшін және бағалау әдістері бойынша, және әзірленген курстарда жаңа педагогикалық әдіснамалар қалай қолдану болатының шеберлік сабақтары өткізілді.
Category Archives: Uncategorized
«Модульдік білім беру бағдарламасының мазмұнын жоспарлау және оқытушыларды электрондық оқытуға қарқынды даярлау» 2-ші семинары туралы, М. Әуезов атындағы ОҚМУ
2019 жылдың 28 қаңтар және 1 ақпан аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Тампере қолданбалы ғылымдар университетінен (Финляндия), Лиллебаелт Академиясынан (Дания), Вальядолид Университетінен (Испания), Санкт-Петербург Ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университетінен Тюмень мемлекеттік университетінен (Ресей), аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ш. Уалиханов атындағы Кокшетау мемлекеттік университетінің жетекші ғалымдар қатысуымен Erasmus + халықаралық бағдарламасының аясында 585761-EPP-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE-JP «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру / EduEnvi» жобасы аясында «Модульді білім беру бағдарламасының мазмұнын жоспарлау және электронды оқытуға оқытушыларды қарқынды даярлау» тақырыбында халықаралық семинар өткізілді.
Семинарға жобалық консорциумға кірмейтін Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ мектептер, кәсіпорындар өкілдері, студенттер, магистранттар мен докторанттар шеберлік сабақтарына белсенді қатысқан. Семинардың мақсаты –4.1.1- ЖП- де қарастырылған оқушыларды қарқынды оқытуы және оқу бағдарламаны жоспарлау және дайындау болып табылады, және 1, 2, 3, 8 модульдер қарастырылып, дамыған курстарда студенттерге бағдарланған әдісті қалай қолдану керек ұсынымдар жасалды.

М. Ауэзов атындағы ОҚМУ семинар және вебинар өткізу туралы
27.02.2019 ж. 585761-EPP-1-2017-1- FI-EPPKA2-CBHE-JP «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру / EduEnvi» – «Enhancing Competence in Sustainable Waste Management in Universities of Russia and Kazakhstan» жобасы бойынша сағат 14.00-де семинар және 15.00-де серіктес университеттер арасында вебинар өтті, оған Ресейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералды университеті, ОрФУ, Ресей, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, сондай-ақ кәсіпорын өкілдері қатысты.
Қазақстанда, бүкіл әлемдегідей, өндіріс және тұтыну қалдықтарын қауіпсіз кәдеге жарату мәселесі әрқашан маңызды экологиялық проблемалардың бірі болды. Қазіргі уақытта Қалдықтарды кәдеге жарату – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретінде пайдалану маңызды міндет қойылып отыр. Қазақстанда 45 миллиард тоннадан астам өндіріс пен тұтыну қалдықтары жинақталған, олардың тек 5% ғана қайта өңделеді. Қоқыс өңдейтін зауыттарда мұндай үлкен көлемдегі қоқыстар кезінде өңдеу үшін шикізат жетіспейді, өйткені елде қалдықтарды бөлек жинау мәдениеті жоқ. Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда қалдықтармен жұмыс істеу саласында 500-ге жуық мамандандырылған компания тіркелген. Ең үлкен завод – Астанада жұмыс істейтін және бірге жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаумен және өңдеумен айналысатын “Алтын-ТЕТ” кешені. Тағы басқа өндірістерді “KazakhstanWasteRecycling” (қағаз және картон), “SAF” (шыны), “КазКаучук” (шиналар және резеңке қалдықтар), WestDala (мұнайы бар қалдықтар, қалдықтарды кешенді басқару), “ПРОМТЕХНОРЕСУРС KZ” және “Промотход” (электрондық қалдықтар) деп атауға болады.
Сондықтан экономиканың тұрақты дамуы үшін экологиялық таза технологияларды енгізу үшін ғылыми-техникалық прогресті пайдалану бірінші дәрежелі мәнге ие болады.
Қазақстанда экологиялық таза өнім өндірушілерге “жасыл” экономикаға өту Тұжырымдамасы аясында арнайы сертификаттар беруді жоспарлап отыр.
Құжат жаңалықтарының бірі “Жасыл” сатып алу ұғымы болып табылады, олар өнім өндіретін қайта өңдеу кәсіпорындарын ынталандыратын болады, мысалы, жол, көпір құрылысында. Қазір әр түрлі жылу оқшаулағыш материалдар көп, әрлеу жұмыстарында қолданылатын материалдар көп.
Қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін іске асыру үшін көптеген бастамаларды іске асыру қажет:
– қалдықтарды басқару жүйесі бойынша білікті мамандар даярлау;
– ҚТҚ-ның барлық үлкен үйінділері бойынша мұқият аудит пен экологиялық мониторинг жүргізу және оларды қалпына келтіру бойынша шараларды анықтау;
– ҚТҚ жұмыс, қайта өңдеу және сақтау стандарттарын жаңарту;
– қалдықтарды қайта өңдеуді қалдықтарды өндіруші кәсіпорындар жүзеге асыруы тиіс;
– қалдықтарды қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындардың салықтарын төмендету.
Ш. Уалиханов атындағы семинар және вебинар өткізу турал
27.02.2019 жылы Ш.Уалиханов атндағы Кокшетау мемлекеттік университетінде «Оқу үрдісін жаңарту және оқу процесін модернизациялау, оқу үрдісінің сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті.
- Қалдықтарды басқарудың өңірлік және жергілікті жүйесін тиімді құру үшін осы салада оқытылған білікті персоналсыз мүмкін емес. 2018 жылдан бастап Халықаралық жоба басталды: «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында тұрақты қалдықтарды басқару құзыреттілігін арттыру/EduEnvi» Жобаның үйлестірушісі Тампер, Финляндия қолданбалы ғылымдар Университеті (Tampere University of Applied Sciences – TAMK) болып табылады. Жоба Еуропалық Комиссия қаржыландыратын Эразмус+ (Темпус) бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
Семинар аясында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті Курманбаева Айгуль Сапарбековнаның және менеджер ТОО «LS Kokshetau» Безносикова Сергейдің баяндамалары тыңдалынды. Қалдықтарды басқару саласындағы аймақтың негізгі экологиялық мәселелері қаралды. Талқылау нәтижесінде келесі қарар қабылданды.
ҚАРАР
- Жоғары білім беру жүйесінде қалдықтарды өңдеу саласында жаңа электрондық білім беру бағдарламаларын әзірлеу, енгізу мамандардың біліктілігін арттыруға және қалдықтарды басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді.
- Дайындалған Модульдер тәжірибелік-бағытталған және қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы болашақ мамандардың біліктілігін арттырады.
- Оқу бағдарламасына қалдықтарды басқару саласындағы іс жүргізу бойынша практикалық сабақтарды енгізу қажет. Жобалық құжаттаманы, хаттамаларды, актілерді және басқа құжаттарды әзірлеу.
- Қалдықтармен байланысты аймақтың өзекті мәселелерін шешу үшін өндірістермен, экологтармен және университеттердің оқытушыларымен қалдықтарды пайдалану саласы қызметкерлерінің одағы қажет.
- Студенттерді халықпен жұмыс істеуге үйрету. Тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын және экологиялық білім беру, тәрбиелеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Өңірдің барлық тұрғындарын қоқыстарды жинауға және қайта өңдеуге жаратуға тарту сонымен қатар үгіт парақшаларын, жарнамалық роликтерді, баннерлерді және т.б. дайындау.Бұл үшін әлеуметтік желілерді пайдалану қажет.
- Жергілікті атқарушы органдарға шикізатты қайта өңдеушілерді қолдап және өндірістік проблемаларды тез шешуге көмек көрсету қажеттілігі туралы өтініш жазу:
– қабылдау пункттеріне жер учаскелерін бөлу;
– қаланың қоқыс алаңдарында қайталама шикізатты бөлек жинау үшін қоқыс контейнерлерін орнатуға рұқсат беру;
– қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу немесе қолда бар технологияларды жаңғырту үшін қалдықтарды қайта өңдеушілерге төмен пайыздық кредиттер, гранттар, өтемақылар мен субсидиялар беру.
Қалдықтарды тиімді басқару мемлекеттік экологиялық саясаттың өзекті міндеті болып табылады. Қазіргі уақытта біздің елімізде қайталама шикізатты жинау және қайта өңдеу саласы мемлекет тарапынан да, халық тарапынан да қолдау көрсетілуде.