Пилоттық кезең нәтижелері бойынша вебинар , 31 наурыз, 2020 жыл

EduEnvi жобасы 2019 жылдың күзінде қалдықтарды тұрақты басқарудың 20 онлайн курсын пилоттық түрде өткізді.

EduEnvi жобасының нәтижелері туралы вебинар 2020 жылдың 31 наурызында ұйымдастырылды. Вебинарға 86 адам тіркеліп, 50 адам қатысты. Вебинарға Қазақстан, Ресей, Испания, Дания, Финляндия және Греция өкілдері қатысты.

Вебинар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Санкт-Петербург Ұлттық Ақпараттық Технологиялар, Механика және Оптика Ғылыми Университеті платформаларға жүктелген курстардың пилоттық фазаның нәтижелерін көрсетті және қатысушылар іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Дайындалған курстарда Финляндияның Тампере қаласындағы Қолданбалы ғылымдар университетінде өткен семинарлар барысында Socrative, Aswergarden, padlet, prezi, screecast matic, google my maps, zoom сияқты инновациялық технологияларды қолдану бойынша алынған онлайн-оқыту курстарын құру үшін қажетті білім мен дағдылар және т.б.пайдаланылды; университет пен өндіріс арасындағы ғылыми ойлау мен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған проблемалық оқыту әдістерін қолдануды мақсат еткен Данияның Лиллебелт қолданбалы ғылымдар университетінде және мақсаты – қалдықтарды тұрақты басқару саласындағы ең озық тәжірибелерді зерттеу болып табылатын Вальядолид университетінде.

Осылайша, оқытушылар онлайн-курстарды дамытуға қатысты, олар 2019 жылдың күзінде және 2020 жылдың басында сәтті өтті және тексерілді, оның нәтижелері вебинарда ұсынылды.

Мұнда Жанар Шортанбаеваның пилоттық тәжірибесі мен жалпы нәтижелері туралы презентациясы ұсынылған, Әл-фараби атындағы ҚазҰУ (Here presentation about the Piloting and overall results by Zhanar Shortanbaeva, Al-Farabi Kazakh National University.)

Вебинар бағдарламасы (Webinar programme)

 

Вебинардың жазбасын мына жерден көріңіз (See the webinar recording here.)

Пилоттық кезең және вебинар туралы қосымша ақпарат: Жанар Шортанбаева, Термофизика және техникалық физика кафедрасы менгерушісінің орынбасары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, электронды пошта: Zhanar.Shortanbaeva@kaznu.kz